ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

3d34ce59-9cd3-4378-a5b9-2465c3704376.jpg

7 ақпан күні облыс орталығы Қонаев қаласында Грек – рим күресінен 2004 – 2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты болып өтті.

Облыс көлеміндегі кіл мықтылар бақ сынаған байрақты бәсекеге қатысқан аудан спортшылары жүлдемен оралды. Аудан абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген балғын балуандарымыздың жеңісі жайында кеңінен атап өтер болсақ, ауданның бірінші нөмірлі балуаны, халықаралық спорт шебері, Ақдала орта мектебінің түлегі, Республикалық спорт колледжінің студенті Бекарыс Мейрамбек 55 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, чемпион атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. 

Сонымен қатар Бақбақты ауылының мақтаныштары, аудандық, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Саят Жарылқасын 60 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ Елдос Мұхит 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, ІІ-ші орын иегерлері атанды.

Ал сайыстың жалпы қорытындысы бойынша аудан спортшылары командалық есепте жүлделі ІІІ-ші орынды еншіледі.

Боз кілемде атой салып, жүлделі орындарды еншілеген спортшыларымыздың осындай жетістікке жетуіне сүбелі үлестерін қосқан жаттықтырушылары Назтай Мейрамбек пен Жәнібек Лебай жас балуандардың болашағынан үлкен үміт күтуде.

Бәріміздің мақтанышымызға айналған спортшылардың алар асулары әлі де алда. Сондықтанда аудан абыройын асқақтатып жүрген жерлестерімізге қолдау көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектес болайық, ағайын!  

                                                                                                           Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»