Алматы облысында «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды

341d5c22-269a-432f-bee6-5e5adb1fa745.jpg

    Алматы облысының тұрғындары тұрын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде қол жеткізе алады.   

    Аталған портал «Ақылды қала» жобасын іске асыру мақсатында «Smart city» тұжырымдамасы шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығының біркелсен жұмысының нәтежиесінде іске қосылған. 

    Жүй «бір терезе» қағидаты арқылы жұмыс жасайды. Онда 20-дан астам қызмет түрі көрсетіледі. 

    Мәселен, тұрғындар  «Қононаев Су Арнасы» ШЖҚ МКК,  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС,  «Жылуорталы» ШЖҚ МКК, «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС сынды мекемелердің қызеттеріне өтінім бере алады. 

    «Сайтта тіркелу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізіледі. Пайдаланушы су, жылу, электр көзі, газбен жабдықтау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сияқты өзекті бағыттар бойынша коммуналдық қызметтермен шарттар жасасуға өтінім беру мүмкіндігі бар»,- деді «109» Бірыңғай байланыс орталығының басшысы Бахтияр Бақытұлы. 

    Жалпы, портал арқылы есептеу құралдарын орнатуға, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтар санын өзгертуге және басқа да бағыттар бойынша өтінімдер қалдыруға болады.

     «Толық ақпарат алу үшін тәулік бойы 109 қызметі Біріңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметіне жүгіне алады, операторлар осы жоба бойынша толық кеңес береді»,- дейді ақпараттық ресурстарды дамыту бөлімінің басшысы Махаббат Усабаева. 

Айта кетейік, жоба бұған дейін  Алматы, Астана қалаларында, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарында сәтті жүзеге асырылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Закон об ответственности владельцев электросамокатов одобрил Сенат
  • 372 ДТП с участием самокатов произошло в Казахстане с начала года. В них погибли три человека, 385 п
  • Контроль за электросамокатами и защита детей: закон о профилактике правонарушений направили президен
  • Көзге көрінетін өзгерістер: цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына азаматтардың көз
  • Изменения, которые видны: цифровизация, инфраструктура и возврат активов глазами граждан