Балқаш ауданының мемлекеттік қызметшілері шахмат додасында топ жарды

728e6052-6fc8-47da-92d9-32140c05f2cb.jpeg

2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ және «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» ҚБ бірлесіп, мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында «Government Chess Cup 2026» шахмат турнирін өткізді.

Аталған турнир мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат спортын кеңінен насихаттау, зияткерлік қабілеттерін шыңдау, логикалық және стратегиялық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Шахмат додасына Балқаш ауданынан төрт мемлекеттік қызметшіден құралған командалық топ қатысып, аудан намысын абыроймен қорғады.

Команда құрамында Ақжар ауылдық округінің бас маманы Бекбай Ақжол Рәтбекұлы, Құйған ауылдық округінің бас маманы Талғатұлы Дидар, Миялы ауылдық округінің бас маманы Жумабеков Жанарбек Омарович және Балқаш ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Батырова Айнұр Еркінқызы өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық топ жүлделі ІІІ орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, республикалық кезеңге жолдама алып, алдағы жарыста Алматы облысының намысын қорғауға мүмкіндік алды.Бұл – ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері үшін үлкен жетістік әрі абыройлы нәтиже.

Зияткерлік спортта жеңіске жету – тек білім мен шеберлікті ғана емес, сабырлылықты, ұтқырлықты және дұрыс шешім қабылдай білуді талап етеді. Осындай жарыстар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметтен тыс қырларын танытып, олардың арасында достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді.

Балқаш ауданының атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілерге алғыс білдіре отырып алдағы жарысқа сәттілік тілейміз.

Балқаш ауданы әкімдігі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Обьявление!
  • Хабарландыру!
  • Оьявление!