Мемлекеттік қызмет көрсетудің маңызы зор

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

 

Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Жүнісов


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Обьявление!
  • Хабарландыру!
  • Оьявление!