Түркістанда салынып жатқан қазақ-корей университеті биыл ашылуы керек

7.JPG

    Түркістанда салынып жатқан қазақ-корей университеті биыл ашылуы керек. Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында 4 факультетте 2340 студент білім ала алады. «Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция», «Мультимедия және Web дизайн» мамандықтары оқытылады.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Шим Хэк Чже бастаған делегациямен кездестік. Қазіргі таңда ғимараттың құрылысы жанданған. Басқосуда халықаралық білім ордасын ашу жұмыстарын ұйымдастыру, ортақ мақсат пен жоспарды іске асыру барысы жан-жақты талқыланды. Оның ішінде құжаттандыру және грант бөлу мәселелері сөз болды. Ертең университет өкілдерімен бірге таныстырылымына қатысамыз.

Бұл бастамаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тікелей қолдау көрсетті. Шетелдік университет өкілдері таяуда министр Sayasat Nurbekпен кездесіп, дайындықтарды пысықтайды. Біз өз тарапымыздан жұмыстарды жалғастыра береміз.

Әуелі лицензия алуды үйлестіру қажет. Білікті кадрлар мен профессорларды тарту, грант бөлу, студенттерді жатақханамен қамту шаралары назарда тұр. Біз Министрлік және жергілікті облыстық әкімдік тарапынан грант бөлуге дайынбыз. Өңірдегі 1 мың мектепте 500 мың оқушы білім алып жатыр. Оның 30 мыңнан астамы биыл мектепті бітіреді. Корея елінің үздік тәжірибесі Түркістан облысындағы білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығаруға сеп болады деп сенеміз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*