Ертіс алқабының 90 пайызы суға толды

Ертіс алқабының 90 пайызы  суға толды

    Дәл осы экожүйені жақсарту Павлодар облысында жақсы жолға қойылған. Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылғы жоспармен салыстырғанда едәуір көп. Қазір Шідерті өзенінің жайылымына да су жіберіліп жатыр. Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн. текше метрден астам су босату жоспарланған. Сондай-ақ, Екібастұз мен Ақтоғай ауданындағы флора мен фаунаны сақтауға жалпы көлемі 120 млн. текше метр су жіберілді. Екібастұздағы 9 мың гектардан астам алқап суға толып тұр. Ал Шығанақ көліне 10 млн. текше метр су келді. Табиғатты қорғау мақсатында жіберілген су  тек қоршаған ортаны ғана емес, өңірдің табиғи байлығын сақтап қалуға да көмектесетін болады. Бұл егін және мал шаруашылығына септігін тигізбек.
САҒЫН ТӨЛЕУТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
    Жалпы Ертіс жайылмасы үлкен күрделі эко жүйе. Осы эко жүйенің тұрақты жылдан жылға дамуы су жіберу мөлшеріне байланысты. Қаншалықты көп су жіберсек, соншалықты біздің экожүйеміз қалыпты, тұрақты жұмыс атқарады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аида Балаева: Конституция гарантирует свободу слова и запрещает цензуру
  • Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность
  • Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ
  • 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут следить за референдумом в Казахста
  • Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болады