Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    1.JPG

    АИТВ-инфекциясы өршіп тұр.  Ресми деректерге сүйенсек, былтыр әлемде дәл осы дертті жұқтырғандар саны 39,9 млн адамға жеткен. Ең өкініштісі, 630 мың адам ЖИТС-тен қайтыс болған.  Ал, Алматы облысында жыл басынан бері АИТВ-инфекциясының 102 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз - мәслихатында белгілі болды.

    Мамандар, статистикалық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға азайғанын алға тартуда. Тек кешенді ем-дом шараларының арқасында оң нәтежиеге қол жеткізілген.

    «Облыста соңғы бес жылда АИТВ жұқтырған адамдарды антиретровирустық емдеумен (АРТ) қамту 2020 жылғы 70%-дан 2025 жылы 90%-ға дейін артты.Бұл індетпен күресу бойынша жұмыс сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Яғни оң динамика жаңа жағдайлардың азаюы байқалады»,-дейді ШЖҚ «ККМУ» МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлмира Жақанова.

Бүгінгі таңда аймақта АИТВ-инфекциясымен диспансерлік тіркеуде тұрған  2500 науқас бар.

Мамандардың айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жүкті әйелдер ерекше бақылауда болады. Жүктіліктің алғашқы скринингінен бастап жүкті әйелді ЖИТС орталығының гинекологы мен тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) маманы бірлесіп бақылайды екен.

    «Жүктілік барысы АИТВ-теріс мәртебесі бар әйелдерге қарағанда айтарлықтай ерекшеленбейді. Жыл сайын АИТВ-инфекциясы анықталған  аналардан 95% және одан жоғары антиретровирустық терапияға (АРТ) бейілділік жағдайында туған шамамен 40 сау бала тіркеледі»,-дейді «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК инвекционист дәрігері Саниям Махмутова.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандық бітімгерлер өздерінің әскери және азаматтық борышын абыроймен атқарды
  • Казахстанские миротворцы с честью выполняют свой воинский и гражданский долг
  • Поздравление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Днем Независимости
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді