Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

d4991bd5-0703-4269-88d5-3eba1041f337.jpg

    Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков, «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге мәлімдеді.

    Бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру. Бұл — өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

    Бағдарлама аясында ипотекалық несиенің максималды сомасы 30 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Ал бастапқы жарна мөлшері — 10%. Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде меншігінде  тұрғын үйдің болмауы міндетті.

    «Отбасы банк» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге бағдарламаның тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Ол азаматтарды берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

    Бағдарлама облыстық бюджеттен 3,146 миллиард теңге, ал «Отбасы банк» тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Өтінім қабылдау басталуы: 2025 жылғы 25 тамыз

Қабылдау орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, «Отбасы банк» ғимараты, 1-қабат

Жұмыс уақыты: 

Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00

Сенбі: 09:00 – 13:00

Жексенбі — демалыс.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады
  • Қазақстан – жыр бесігім, ән ұям
  • Қазақстан – менің Отаным, туған жерім
  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды