Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

1.JPG


Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді.

Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура және сот билігі органдарының жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін регламенттейтін Конституцияның бөлімдері мен баптарына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Түзетулердің жеке блогы болашақ бір палаталы Парламенттің – Құрылтайдың қызметіне қатысты болады. Мысалы, төрағаны тағайындау, оның депутаттық корпусын қалыптастыру тәртібі және өзге де рәсімдік жағдайлар айқындалады.

Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің маңыздылығын ескере отырып, тиісті регламенттеуші нормаларды жеке бөлімге бөлу ұсынылады.

2.JPG

Үкімет функцияларын регламенттеуді өзгерту шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады. Атап айтқанда, олардың қызметін басқару, актілерінің күшін жою және тоқтата тұру.

«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аталған жүйенің құжаттары болып табылмайды. Мұндай бағдарламалар қажеттілігіне қарай әзірленіп, бекітілетін болады», - деп атап өтті әділет министрі.

Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда 2021 жылдан бастап мамандандырылған әкімшілік соттардың енгізілуі құқық үстемдігі қағидатын нығайтудағы және мемлекет пен азамат арасындағы нақты теңгерімді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғанын еске салды.

«Осыған байланысты Конституцияның тиісті бабында сот билігі әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын тікелей көрсету ұсынылады. Бұл әкімшілік соттарға конституциялық-құқықтық мәртебе береді, жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырады және қоғамның сот билігіне сенімін нығайтады», - деп атап өтті министр.

Жалпы, Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді, ол тек қана жеке тұлғалардың емес, жария билік институттарының сапасына байланысты болады.

«Қоғам үшін бұл мемлекеттің сыртқы немесе ішкі жағдайларға қарамастан дәйекті әрі құқықтық тұрғыда әрекет ететініне болжамдылық пен сенімділікті білдіреді. Әлеуметтік міндеттемелер орындалуда, экономикалық процестер жалғасуда, халықаралық міндеттемелер сақталуда», - деп қорытындылады әділет министрі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Наурызнама» он күндігінде 300-ден астам шара өтеді
  • Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конст
  • Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции
  • «AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
  • Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума