КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ БАСТАЙТЫН БЕРІК НЕГІЗ

fb842226-b0fb-4ce2-aea5-35c1d83ea0c4.jpeg

Әрбір мемлекеттің кемел келешегі оның құқықтық жүйесінің беріктігімен, қоғамдағы әділеттілік пен азаматтардың бірлігімен өлшенеді. Ал осы құндылықтардың барлығын біріктіретін басты құжат – Конституция. Ол елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық даму бағытын айқындап, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негізін қалыптастырады.

Жаңарған Конституция – уақыт талабына сай өзгерістерге бейімделудің, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырудың маңызды қадамы. Оның мәні – қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту, адам құқығы мен бостандығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әр азаматтың мемлекет өміріндегі рөлін арттыру.

Бүгінгі таңда әділетті қоғам құру – баршамызға ортақ міндет. Ол үшін әрбір азамат заңды құрметтеп, өз құқығы мен міндетін жете түсініп, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті жоғары бағалауы қажет. Себебі заң үстемдік құрған жерде сенім қалыптасады, ал сенім бар жерде тұрақтылық пен даму болады.

Конституциялық жаңғырудың тағы бір маңызды бағыты – өскелең ұрпақтың болашағына жол ашу. Білімді, саналы, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу, ғылым мен инновацияны дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтау – мемлекет дамуының маңызды тіректері.

Ата Заңның қадірі – оның әрбір азаматтың өміріндегі нақты маңызымен өлшенеді. Сондықтан Конституцияны құрметтеу, оның талаптарын сақтау және ел дамуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы.

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, әділеттілік пен жауапкершілікті ұштастыратын, ел бірлігі мен болашағын бекемдейтін маңызды құқықтық негіз. Заңды құрметтеген елдің болашағы жарқын, іргесі берік болады!

Күмісбек Ербаев, журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ БАСТАЙТЫН БЕРІК НЕГІЗ
  • ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАРДА
  • ЖАС ДАРЫН – БИІК МАҚСАТҚА БАҒЫТ АЛДЫ!
  • БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ БАҚ СЫНАҒАН ЖАС ДАРЫН!
  • ПИЛОТТЫҚ ЖОБА – ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК