
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Мұратәлі Айару ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «IQanat» зияткерлік олимпиадасының облыстық кезеңіне жолдама алды!
Бұл – оқушының білімге деген құштарлығы мен үздіксіз ізденісінің, талпынысы мен табандылығының жемісі.
Жетекшісі – Үйсінбай Саламат.
Айару мен жетекшісін осындай қуанышты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы білім додасында сәттілік серік болып, биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
Айарудың білімге деген ынтасы артып, талабы таудай, арманы асқақ болсын! Облыстық кезеңде жарқын жеңістерге жетіп, мектебіміздің мерейін үстем ете беруіне тілектеспіз!
Білімге басталған әрбір қадам үлкен жетістіктерге жетелейді! Жарайсың, Айару!


