Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар Негізгі заңның мазмұнын терең жаңғыртуға бағ

fgk.png

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар Негізгі заңның мазмұнын терең жаңғыртуға бағытталған жүйелі әрі ауқымды қадам екенін көрсетеді. Конституция мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілуі және Преамбуланың толықтай жаңа редакцияда ұсынылуы мемлекеттің даму бағытын заман талабына сай қайта айқындауға мүмкіндік береді. Жаңа Преамбулада адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты айқындалады. Бұл қағидалар конституциялық реформаның түпкі мақсатын – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруды айқындайды.Сонымен қатар, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін жетілдіру, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейту, мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасты нақтылау қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді нығайта түседі. Жалпы алғанда, аталған өзгерістер Қазақстанның институционалдық дамуына серпін беріп, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін жаңа деңгейге көтереді деп есептеймін.

Балқаш ауданының жастар белсендісі – А.Қаратай


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*
  • *Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті*
  • *Время диагностики сократилось в четыре раза, административные издержки до 40% – Глава государства о
  • *Диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды, әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді – Мемлек
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ