Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар елдің құқықтық және саяси жүйесін түбегейлі жаңа

dt.png

Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар елдің құқықтық және саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Конституция мәтінінің басым бөлігіне өзгерістер енгізілуі мен Преамбуланың толықтай жаңартылуы мемлекеттің құндылықтық негіздерін қайта қарап, қазіргі заман талаптарына сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған Преамбулада адам және оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нығая түседі. Бұл қағидалар қоғам дамуының басты бағытын белгілеп, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері, азаматтардың басқару процесіне қатысу тетіктерінің кеңеюі және мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл нормаларының нақтылануы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жалпы алғанда, бұл реформалар Қазақстанның болашақ дамуына берік құқықтық негіз қалайды деп санаймын.

Балқаш ауданының жастар белсендісі – Ж.Ахын


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 3 сорғы станциясы салынады
  • Азаматтардың құқығын қорғау және гуманизм қағидаттары
  • Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды
  • «Әділет» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалін өткізіп жатыр
  • Заң мен тәртіп