Қазақстандағы конституциялық реформалар – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттік институ

66.png

Қазақстандағы конституциялық реформалар – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға және 

мемлекеттік институттарды тиімді етуге бағытталған ауқымды әрі стратегиялық қадам.

 Конституцияның басым бөлігін жаңарту және Преамбуланы жаңа редакцияда қабылдау 

мемлекеттің құндылықтық және идеологиялық негіздерін қайта бекітеді. Жаңартылған Преамбулада

 адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық ретінде көрсетіліп, Қазақстанның 

демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты айқындалады. 

Бұл өзгерістер елдің даму бағытын белгілеп, мемлекеттік басқарудағы әділеттілік пен ашықтықты 

күшейтеді. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімділігі, азаматтардың мемлекет басқаруына қатысу 

мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимылды реттеу қоғамдағы

 тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Жалпы, бұл реформалар Қазақстанның құқықтық 

мемлекет ретінде тұрақты дамуына берік негіз қалайды деп есептеймін.


Балқаш ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы – С.Рақышев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Наурызнама» он күндігінде 300-ден астам шара өтеді
  • Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конст
  • Партия «AMANAT» выступила с Обращением в связи с принятием новой Конституции
  • «AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
  • Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума