
Қазақстандағы конституциялық реформа – ел тарихындағы ірі әрі стратегиялық мәні зор
қадам. Негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтитын өзгерістер мен Преамбуланың толықтай
жаңа редакциясы мемлекеттің құқықтық, саяси және идеологиялық құрылымын заманауи
талаптарға сай қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл реформалар тек мәтіндік түзетулер емес,
олар Қазақстанның болашағын айқындайтын жаңа ұлттық бағдар болып табылады.
Жаңартылған Преамбулада адамның қадір-қасиеті, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты көрсетіледі. Бұл – мемлекеттің
халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы
сенімді нығайтатын маңызды принцип. Сонымен қатар, билік тармақтарының теңгерімділігі мен
Парламенттің жаңа моделі, азаматтардың басқару ісіне қатысу тетіктерін кеңейту, Конституциялық
сот пен құқық қорғау механизмдерінің тиімділігін арттыру қоғамдағы әділеттілікті, ашықтықты және
заң үстемдігін қамтамасыз етеді. Мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынасты нақтылау
және қоғамдық ұйымдардың жұмысын құқықтық тұрғыдан жетілдіру елдегі тұрақтылық пен келісімге
айтарлықтай үлес қосады. Бұл реформалар Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, халыққа
жол көрсететін, мемлекеттің миссиясын айқындайтын стратегиялық құралға айналдырады. Олар
Қазақстанның институционалдық дамуына серпін беріп, елдің тарихи сабақтастығын сақтай отырып,
болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік береді. Жалпы, аталған өзгерістер – мемлекеттің
қоғам алдындағы міндеттерін күшейтетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ететін, елдің демократиялық әрі әлеуметтік дамуына жаңа серпін беретін маңызды
реформалық қадам деп бағалаймын.
Балқаш ауданының Құрметті Азаматы – З.Демеуқұлова


