Қазақстандағы конституциялық реформа – тек заңдық жаңарту ғана емес, бұл мемлекеттің болашағын айқын

99.png

Қазақстандағы конституциялық реформа – тек заңдық жаңарту ғана емес, бұл мемлекеттің болашағын 

айқындайтын стратегиялық бағыт. Негізгі заң мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізу, Преамбуланы 

толықтай жаңа редакцияда қабылдау – елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласында 

түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды қадам. Бұл реформалар Қазақстанның демократиялық, зайырлы, 

құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзіндік миссиясын нақтылауына мүмкіндік береді.

Жаңартылған Преамбулада адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық ретінде

 бекітіледі. Мемлекет пен азамат арасындағы қатынас айқын көрініс табады, ал тарихи сабақтастық, ұлттық

 мәдениет пен қоғамдық құндылықтар Преамбулада жаңа қырынан айқындалады. Бұл – мемлекеттің 

халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетін, қоғамдағы сенімді нығайтатын маңызды принцип.

Конституциялық реформаның маңызды аспектілерінің бірі – билік тармақтарының теңгерімділігін қамтамасыз

 ету, Парламенттің жаңа бірпалаталы моделін енгізу, азаматтардың ел басқаруға қатысу тетіктерін кеңейту 

және Конституциялық сот пен құқық қорғау механизмдерінің тиімділігін арттыру. Бұл қадамдар заң үстемдігін 

нығайтып, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, мемлекет пен дін

 арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу және қоғамдық ұйымдардың қызметін жетілдіру елдегі қоғамдық

 келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін маңызды рөл атқарады.

Бұдан бөлек, конституциялық жаңашылдықтар мемлекеттің миссиясын, мемлекеттік функцияларды және 

қоғаммен байланысын жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Олар азаматтық қоғам институттарын белсенді

 түрде тартуға, мемлекеттік шешімдерді халық қажеттіліктеріне сәйкес қабылдауға жол ашады. Осылайша, 

Конституция тек құқықтық құжат емес, елдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құралға айналады.

Жалпы алғанда, бұл реформалар Қазақстанның институционалдық, құқықтық және әлеуметтік дамуына жаңа 

серпін беріп, азаматтардың Конституцияға деген сенімін нығайтып, елдің тұрақты әрі әділетті дамуына берік

 негіз қалайды деп сенемін.


Қоғам белсендісі – Б.Дәуітбаев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства
  • Мемлекеттін біртұтастығы
  • Ұсынылып отырған конституциялық түзетулерді реформалардың көрінісі деп бағалауға болады.
  • Елдің экономикалық дамуына жаңа серпін беруді көздейтін қадам
  • Маңызды қадам деп бағалауға болады.