Конституциялық реформалар - уақыт талабынан туындады

оль.png

Ақиқатын айтар болсақ,мемлекеттің Ата заңына өзгерістер енгізу мәселесі әрқашан кең қоғамдық қызығушылық тудырады,

 себебі ол мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттарына әсер етеді. Алайда конституциялық реформалар ешқашан 

кездейсоқ пайда болмайды. Олар тек қоғам институционалды жаңартуды қажет ететін трансформацияға мұқтаж болған 

кезде ғана орын алады.Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін-аксиома.

     Замана ағымымен бірге кейінгі жылдары қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы, экономикалық басымдықтары

 және азаматтардың сұраныстары елеулі өзгерістерге ұшырады. Сандық экономиканың дамуы, азаматтық қоғамның 

рөлінің күшеюі, жұмыспен қамтудың сипатының өзгеруі, сыртқы саяси сынақтар – бұның барлығы қазіргі саяси 

институттардың жұмыс істеуіне жаңа талаптар қойды және жаңа институттарды құру мәселесін алдыға тартты.

     Конституцияда қамтылған өзгерістер жиналған институционалдық теңгерімсіздіктерге жауап ретінде қарастырылды. 

Себебі кез келген саяси процесті осындай теңгерімсіздіктер қатаң сүйемелдейді. Қолданыстағы институттар жүйенің

 ішіндегі және сыртындағы туындайтын сынақтарға лайықты түрде жауап бере алмайтын жағдайларда оларды жаңарту 

және түзету қажет болады. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай қадамдар мемлекеттің тұрақтылығын нығайтуға және 

басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

   Менің пікірімше конституциялық реформалар дәл өз мерзімінде қолға алынған қадам деп санаймын.Өйткені ол уақыт 

талабынан туған дүние.


Күмісбек Ербаев,қоғамдық пікір көшбасшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық реформалар - уақыт талабынан туындады
  • Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому
  • Сегодня стартует Digital Qazaqstan 2026: новый цифровой формат трансформации
  • Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана
  • Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты