АКЦИЯ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

4.JPG

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын тауып, экологиялық  жағдайды жақсартуға және аймақты көгалдандыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс-шара осы аптаның сәрсенбі және жұма күндері Балқаш ауданының барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылып, ауыл көшелері, ауылдың сыртқы келбеті, өзен -  көлдердің жағалаулары күл-қоқыстан тазартылды.

Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілікке атсалысқан аудандық мекеме-ұйымдардың қызметкерлері Бақанас ауылының  солтүстік беткейін яғни магистралды каналға дейінгі аралықты күл-қоқыстан тазалап, жиналған күл-қоқыстарды жүк көліктерге тиеп, арнайы полигонға жөнелтті.

Апта сайын ұйымдастырылатын іс-шараның негізгі мақсаты- ауыл аумағын күл-қоқыстан тазарту, ауыл көшелерін көгалдандыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару.

Осы бағытта атқарылған ауқымды жұмыстарға атсалысқан азаматтардың арман - тілектері ауыл тұрғындары тазаланған жерлерді қайта ластамаса деген ұғыммен астасады. Ол үшін әрбір ауыл тұрғыны күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттарды ауыл сыртына қалай - болса солай тастай салмай, арнайы қоқыс төгетін орынға жеткізіп тастаса дұрыс болар еді.

                                        Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚОС КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
  • БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
  • ЖАЙДАРМАН ЖАҢАЛЫҚ
  • КІТАП – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ АШАДЫ