Қауіпсіз жол - сіздің өміріңіздің кепілі

IMG_6558.jpeg

      Жол қауіпсіздігі – әрбір адам үшін маңызды мәселе екені айқын.Күн сайын мыңдаған адам көлікпен, автобуспен немесе жаяу жүріп жол қозғалысына қатысады. Сондықтан жол ережелерін сақтау адам өмірін қорғаудың басты шарты болып табылады.

     Ең алдымен, жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы өткел арқылы өтуі керек. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана қозғалу қауіпсіз саналады.Сонымен қатар, көшеде телефонға алаңдамай, жан-жағына мұқият қарау қажет.

     Көлік жүргізушілері де жол ережесін қатаң сақтауы тиіс. Жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және мас күйде көлік жүргізбеу – апаттың алдын алатын негізгі талаптар. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі керек.

      Әрдайым жүргізушілер арақашықтықты сақтап, абайлап жүруі қажет. Ал жаяу адамдар қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш белгілері бар киім кигені дұрыс.

     Қорытындылай келе, жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік деп білеміз. Әр адам жол тәртібін сақтаса, көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті