«Менің туым – менің мақтанышым» патриоттық челленджі өтті

image.png

image.png

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен

 «Менің туым – менің мақтанышым» атты патриоттық құттықтау челленджі өткізілді.


Аталған шараға Балқаш ауданының ауылдық округтеріндегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар белсенді қатысып, Мемлекеттік Туға деген құрметі мен 

мақтаныш сезімдерін бейнероликтер арқылы жеткізді. Челлендждің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік 

рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.


Шара барысында қатысушылар көк байрағымыздың тәуелсіз еліміздің басты нышаны екендігін атап өтіп, оның халқымыздың бірлігі мен болашаққа деген сенімінің

 белгісі екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастар Қазақстанның жетістіктері мен жарқын болашағының негізінде елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиеттер

 жатқанын ерекше атап өтті.


Мемлекеттік Ту – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен рухтың символы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін қалыптастырып,

 мемлекеттік рәміздердің маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.


«Менің туым – менің мақтанышым» челленджі аудан жастарының белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін тағы

 бір мәрте айқындаған маңызды патриоттық бастама болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті
  • Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады
  • По итогам уборочной кампании 2026 года в Казахстане собрано 24,3 млн тонн зерна