Рәміздерім - мақтанышым

d83ed799-23bb-4b72-9806-3664948a428e.jpeg

Мемлекеттік рәміздер – әрбір елдің тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірегейлігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген сенімін бейнелейтін қасиетті белгілер.

Осы орайда Балқаш ауданының белсенді жас спортшысы, Бақанас балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, «BATYR BAKANAS» клубының капитаны, Nomad MMA бойынша Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері Валиев Альтаир «Рәміздерім – мақтанышым» атты патриоттық челленджге қатысып, жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырды.

Спортшы өз сөзінде мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын қорғау әрбір спортшы үшін үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу, олардың мәртебесін биік ұстау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Рәміздерім - мақтанышым
  • «Менің туым – менің мақтанышым» патриоттық челленджі өтті
  • Глава государства: «Для Правительства и акимов реализация концепции «Таза Қазақстан» – конституционн
  • Касым-Жомарт Токаев: «Алатау можно назвать «городом ускоренного развития» с уникальным правовым стат
  • Глава государства: «Основные принципы, по которым будет развиваться город, были закреплены в новой К