Заң мен тәртіп

IMG_6800.jpeg

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға Балқаш аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен аудандық аурухананың қызметкерлері қатысып, студенттермен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында жастарға есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, нашақорлықтың әлеуметтік салдары, сондай-ақ есірткі қылмыстары үшін көзделген заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты арнайы бейнеролик көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Мамандар жастарды құқықтық сауаттылықты арттыруға, заң талаптарын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

#ЗаңменТәртіп #ЗаконИПорядок #НашақорлыққаЖолЖоқ #ЕсірткігеҚарсы #СалауаттыӨмірСалты #БалқашАуданы #ЖастарСаясаты #ҚұқықтықСауаттылық #ЖастарТәрбиесі #Бақанас


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абыз –Баба ӘЛМЕРЕК ЖАНШЫҚҰЛЫНЫҢ368 жылдығы және Қымызмұрындық -2026 мәдени –көпшілік, спорттық іс –
  • Заң мен тәртіп
  • Заң мен тәртіп
  • Мүлкіңді қорғаудың тиімді жолдары
  • Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!