Абыз –Баба ӘЛМЕРЕК ЖАНШЫҚҰЛЫНЫҢ368 жылдығы және Қымызмұрындық -2026 мәдени –көпшілік, спорттық іс –

d621a9ed-e306-4762-84d4-20eb7e7b348e.jpeg

 

968d5150-182d-4d98-af57-00922913ee44.jpeg

   Өтетін  уақыты: 2026 жыл, 27 маусым.

   Өтетін жері: Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауы.

Мақсаты: Қазақ халқының бірлігі мен рухани құндылықтарын насихаттау; Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының ел тарихындағы орны мен өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа таныту; ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды дәріптеу және ұмыт болған мәдени мұраларды жаңғырту; қымызмұрындық дәстүрі арқылы қазақ халқының қонақжайлығы мен ұлттық тағам мәдениетін кеңінен таныстыру; жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа және ұлттық рухқа тәрбиелеу; ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау; ауыл тұрғындары мен қонақтар арасында мәдени байланысты нығайтып, қоғамдық ынтымақ пен татулықты арттыру; өңірдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін танытып, туризмді дамытуға ықпал ету. 

Ұйымдастырушы: Ұйымдастыру алқасы.

Қатысушылар: Алматы облысының әкімі, мемлекет және қоғам қайраткерлері,  қоғамдық ұйым өкілдері, Ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктер, БАҚ және баспа өкілдері шақырылды. Сонымен қатар, Алматы облысының тұрғындары қамтылады.  Шараға 30 мыңға жуық адам келеді деп жоспарлануда.

Бағдарламасы:

Сағ: 9:30-10:00 – Қонақтарды тіркеу

Сағ: 10:00-10:10 – Қонақтарды қарсы алу

Сағ: 10:10 – 11:30 – Көрмелермен танысу

(Бие бау, Күбілер алаңы, Қарқара жәрмеңкесі, Қол өнер көрмесі, Суретшілер көрмесі, Шеберлер көрмесі, Ұлттық киімнің сән-көрсетілімі, Шеберлік сағаттары, Қазақ күресі, Қой қырқудан жарыс,  Асылтұқымды малдармен ауыл шаруашылық техникалар көрмесі, «Толағай»Алыптар сайысы, «Топжарған» этно-мәдени орталығының қойылымдары)

Сағ: 11:30 – 11:45  - Салтанатты шараның ашылуы

Сағ: 11:45 - 12:00 - Театрландырылған көрініс 

Сағ: 12:00 - 12:05 – Құран бағыштау

Сағ: 12:05 -14:30 – Концерттік бағдарлама

Сағ: 13:00 - 14:20 – Абыз-Баба Әлмерек рухына бағышталған ас

Сағ: 14:20 -  14:45 – 1000 бас жылқыны айдап өту

Сағ: 14:45 - 15:00 – «Топжарған» этно - мәдени орталығының қойылымдары;

Сағ: 15:00 - 17:00 – Абыз-Баба Әлмерек жүйрігі

                              Аламан бәйге – 32 км;

                              Топ бәйге – 20 км;

                              Құнан бәйге – 9 км.

Сағ:17:00 – 17:30 – Жеңімпаздарды марапаттау;

Сағ: 18:00 -  Қонақтарды шығарып салу.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Женский форум «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір»
  • «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» әйелдер форумы
  • ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ӘКЕ ТӘРБИЕСІ
  • Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан
  • Приветствуя гостей, Глава государства отметил особую роль ОТГ в развитии сотрудничества между тюркск