Заң мен тәртіп

IMG_6816.jpeg

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында Балқаш ауданы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу.

Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған ата-аналар заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Газдың ақшасын төлеуге асығыңыздар!
  • Заң мен тәртіп
  • Балқаш ауданы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде
  • Женский форум «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір»
  • «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» әйелдер форумы