Газдың ақшасын төлеуге асығыңыздар!

IMG_6818.jpeg

Табиғи газға қосылған аудан тұрғындарының қайысы бірінен көгілдір отынның пайдасы жөнінде сұрасаң, олардың берер жауабы «Бұрыңғыдай отын бұтап, күл шығарып, таңертең ерте тұрып от жағып әуре боламыз»-деп, күнделікті жұмыстарының жеңілдеп қалғанын айтып, марқайып отырады. 

Иә ол рас.  Күн суытып, от жағу кезеңі басталған сәтте газ пештерін іске қосқан тұрғындар қыс бойы көгілдір отынды емін-еркін, алаңсыз пайдаланады.  

Көктем шығып, күн жылынғанша тұрғын үйлердің де, жұмыс кеңселері де, кәсіпорын ғимараттары да жылу жүйесін тәулік бойы пайдаланып, рахатын көріп келді. Ал пайдаланған көгілдір отынның ақшасын төлеу әрбір азаматтың адами парызы екенін ұмытпаған абзал.

«OSO PipeIines» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Олардың айтуынша 2023 жылдан бері табиғи газды қолданып, төлем жасамаған тұрғын үй иелері мен мекеме және кәсіпорындарда жеткілікті.

 Егерде біз осылай пайдаланған табиғи газдың ақшасын кешіктіріп төлем жасауды әдетке айналдырып немесе мүлдем төлемеу тәсіліне көшетін болсақ, аталмыш мекеме аудан тұрғындарына табиғи газ беріп отырған «OSO PipeIines» ЖШС-гі,  «Qazaq Gaz» акционерлік қоғамына қарыз болып қалады. 

 Ал   «Qazaq Gaz» АҚ-нің қарыз мөлшері шамадан тыс болып кетсе «OSO PipeIines» ЖШС-не көгілдір отынды бермей қалуы ғажап емес. 

 Сондықтан табиғи газды пайдаланып отырған аудан тұрғындары «Судың да сұрауы бар» - демекші пайдаланған көгілдір отынның ақшасын кешіктірмей төлем жасауды әдетке айналдырсақ.

   Құрметті газет оқырмандары! Сіздерге газетіміздің алдағы жарық көретін санына «OSO PipeIines» ЖШС-гі көгілдір отынның ақшасын төлемей жүрген аудан тұрғындарының тізімін жариялауды жоспарлап отырғанын хабарлаймыз. 

Сондықтан табиғи газдың ақшасын кешіктірмей төлем жасауға асығайық, ағайын!


Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Газдың ақшасын төлеуге асығыңыздар!
  • Заң мен тәртіп
  • Балқаш ауданы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде
  • Женский форум «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір»
  • «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» әйелдер форумы