Балқаш ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

5bd410fd-2a08-43d9-9475-965ba4452635.jpeg

5723415d-1e05-4f10-bc7c-24be695bca4c.jpeg

Бақанас ауылында «Әділет» партиясының Балқаш аудандық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті.

Осылайша партия Балқаш ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына ресми түрде кірісті. Жиын барысында штаб құрамы таныстырылып, алдағы науқанның негізгі міндеттері белгіленді.

Партия сайлауға «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Бағдарламада «Заң мен Тәртіп», «Тиімді жұмыс істейтін институттар», «Өңірлер мықты болса – ел мықты», «Халық үніне құлақ асатын үкіметтің әрекеті», «Әділ, бәсекелі экономика», «Цифрлық мемлекет», «Атаулы әлеуметтік қолдау», «Адам әлеуетін дамыту», «Жаңа қоғамдық мәдениет» және «Жауапты орта держава» бағыттары қамтылған.

Алдағы уақытта штаб мүшелері аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырады және сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті