Сайлау алдындағы үгіт: саяси партиялардың рөлі

ghj.png

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі – сайлау алдындағы үгіт жұмыстары жүргізілуде. Бұл кезеңде саяси партиялар өз бағдарламалары мен басым бағыттарын көпшілікке таныстырып, сайлаушыларға өз ұстанымдарын жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Сайлау алдындағы үгіт – сайлау процесінің ажырамас бөлігі. Ол азаматтардың саяси таңдауын саналы түрде жасауына ықпал етіп, партиялардың мақсат-міндеттерімен, сайлауалды бағдарламаларымен танысуына мүмкіндік береді. Үгіт жұмыстары Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес және барлық сайлау процесіне қатысушылар үшін тең құқық қағидаты негізінде өткізіледі.

Саяси партиялар осы кезеңде сайлаушылармен кездесулер ұйымдастырып, қоғамдық қабылдаулар өткізеді, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы өз бағдарламаларын түсіндіреді. Сонымен қатар заңнамада белгіленген тәртіппен баспа және өзге де ақпараттық материалдарды пайдалана алады.

Азаматтар үшін бұл кезең – партиялардың ұсынған бастамаларымен танысып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлердің өркендеуіне, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау және өзге де маңызды салаларға қатысты ұстанымдарын саралауға мүмкіндік беретін уақыт.

Сайлаушылар қандай да бір шешім қабылдамас бұрын бірнеше партияның бағдарламасын салыстырып, ресми ақпарат көздеріне сүйенгені жөн. Бұл әр азаматтың саналы әрі жауапты таңдау жасауына негіз болады.

Құрылтай депутаттарының сайлауы – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңызды көрінісі. Ал сайлау алдындағы үгіт кезеңі сайлаушылардың жан-жақты ақпарат алып, өз таңдауын еркін жасауына жағдай жасайтын демократиялық үдерістің маңызды бөлігі болып табылады.

Әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан сайлаушыларды заңнамада белгіленген күні сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайлау алдындағы үгіт: саяси партиялардың рөлі
  • Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқын алды
  • Салауатты өмір сүр
  • Жол қауіпсіздігі
  • * Жасанды интеллект, болашақ мамандықтар және ауылдағы кадрлар: партиялар теледебатта нені талқылады