Балқаш ауданында аудан әкімінің қатысуымен дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті.

8dd45814-3d01-46be-9dcd-28b9647d0efe.jpeg

Алқалы жиынға аудан әкімі, аудандық білім бөлімінің басшылығы мен мамандары, аудан мектептерінің директорлары, балабақша меңгерушілері және білім саласының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жаңа оқу жылына дайындық, білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім беру ұйымдарында тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысында жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.

#ЗаңМенТәртіп


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев:
  • «Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке.
  • Мемлекет басшысы:
  • Қасым-Жомарт Тоқаев:  
  • Касым-Жомарт Токаев: