
Балқаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сексеуіл тұқымын жинау жұмыстары жүргізілді.
Игі бастамаға Балқаш аудандық кітапхана ұжымы да қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің табиғатын аялауға бағытталған ортақ іске өз үлестерін қосты.
Табиғат – адамзаттың ортақ үйі, ал оны қорғау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осындай игі істер арқылы біз туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіріп қана қоймай, келешек ұрпаққа таза да көркем табиғат қалдыруға үлес қосамыз.


