
Заң мен тәртіп – бейбіт әрі қауіпсіз қоғамның басты құндылықтары. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз міндеттерін орындау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Заң талаптарын орындау арқылы біз өз құқығымызды қорғап, өзгелердің де құқықтарын құрметтейміз.
Қоғамда тәртіп орнату тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Әр адам заңға бағынса, әділдік пен өзара сыйластық нығайып, қауіпсіз орта қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақты заңды құрметтеуге, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелеу маңызды.


