
Достық пен келісім – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың негізі. Өзара сыйластық, түсіністік пен мейірімділік адамдарды жақындастырып, ортақ мақсат жолында біріктіреді. Әр адамның ұлтына, тіліне және мәдениетіне құрметпен қарау – бейбіт қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Мектеп қабырғасында оқушыларды достыққа, ынтымаққа, өзара қолдау көрсетуге және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеудің маңызы зор. Себебі достық бар жерде сенім, келісім бар жерде береке болады. Бірлігімізді сақтап, татулығымызды ту етіп, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!
Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын!


