«Этностар достығы – қоғам тұрақтылығының тірегі»

IMG_9421.jpeg

Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы аудандық өлкетану музейінде «Этностар достығы – қоғам тұрақтылығының тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Тағылымды шараның басты мақсаты – этносаралық татулықты нығайту, бірлік пен ынтымақтың маңызын насихаттау, түрлі этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты дәріптеу.

Дөңгелек үстелге «Әділет» партиясының төрағасы Марат Нұраұлы, өлкетанушы Зәуреш Жұмағалиқызы, «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлнәр Мұқатайқызы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Қаракөз Мүсірманқұлқызы, Жастар орталығының өкілі Кәмшат Берікбай, ауылымыздың аяулы келіні Юлия Анатолевна, сондай-ақ бар ғұмырын медицина саласына арнап, жақында ғана зейнеткерлікке шыққан Марина Сафарова қатысты. Кездесуге колледж студенттері де қатысып, тағылымды әңгіменің куәсі болды.

Басқосу барысында этностар арасындағы өзара сыйластық, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және ұрпақ тәрбиесіндегі бірліктің маңызы сөз болды.

Қатысушылар достық пен татулықтың қоғам дамуының берік негізі екенін атап өтіп, бейбітшілік пен келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ASTANA MEDIA WEEK 2026 басталды.
  • ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ!
  • «Этностар достығы – қоғам тұрақтылығының тірегі»
  • Куат «Найман» Хамитов обратил внимание на примечательный факт:
  • «Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады