
Тазалық – мәдениеттілік пен жауапкершіліктің белгісі. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көркейтуге және табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастап, ағаш отырғызу мен сенбіліктерге белсенді қатысуы қажет. Табиғатты аялау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз.
Таза көше, көрікті ауыл мен әсем қала әрқайсымыздың еңбегімізден басталады. Қоршаған ортаны қорғау күнделікті әдетке айналуы тиіс.


