
Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаны қорғау, көшелерді таза ұстау және табиғатты аялау арқылы біз келер ұрпаққа көрікті де таза мекен қалдыра аламыз.
«Таза Қазақстан» акциясы халықты қоршаған ортаны қорғауға, ағаш отырғызуға, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалауға үндейді. Тазалық жұмыстарына белсенді қатысу – туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Әр адам тазалықты өз үйінен, өз ауласынан бастауы керек. Қоқысты белгіленген орынға тастап, табиғатқа жанашырлықпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз.


