Береке ауылына табиғи газ қосылды

IMG_9490.jpeg

 16 қазан күні, Балқаш ауданының Береке ауылында тұрғын үйлерді табиғи газға қосу рәсімінің салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты рәсім Балқаш ауданының әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлының қатысуымен ұйымдастырылды.

Бұл – ауыл тұрғындары үшін көптен күткен маңызды әрі қуанышты оқиға. Ауылға табиғи газдың келуі тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, халыққа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Көгілдір отынның игілігін көріп, әр шаңыраққа жылулық пен жайлылық орнасын! Береке ауылының өркендеуі мен дамуы жолындағы игі бастамалар жалғасын таба берсін!



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Береке ауылына табиғи газ қосылды
  • Достық – бірлік пен сыйластықтың белгісі!
  • «ДАЛА ДӘМІ» жәрмеңкесі өтті