

Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақты спортқа баулу мақсатында өткен аптада аудан орталығында Тұтқабай Андасбайұлының туғанына 90 жыл толуына орай волейболдан аудандық еске алу турнирі ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатында Тұтқабай Андасбайұлының ел-жұртына сіңірген еңбегі, өңірдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі жолы туралы жүрекжарды естеліктер айтылды.
Жарысқа аудан көлемінде 9 команда қатысып, волейбол алаңында өзара бақ сынасты. Ойын барысында командалар жоғары дайындықтарын, шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін танытып,
Қызықты әрі тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Ақкөл ауылының спортшылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, І орынды жеңіп алды. ІІ орын Көкжиде командасына бұйырса, Көктал ауылының спортшылары жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
“Балқаш-ақпарат”.
#RepublicDayKazakhstan , #Республикакүні
#Балқаш ауданы.


