
«Үздік авторлық бағдарлама – 2026» байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің ұстазы Өмбетова Қарлығаш Бектұрсынқызы II орын иеленіп, жүлдегер атанды!
Авторлық бағдарлама – ұстаздың тәжірибесі мен шығармашылық ізденісінің, жаңашыл идеялары мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Облыстық деңгейде өз еңбегін лайықты танытып, жүлделі орыннан көрінген Қарлығаш Бектұрсынқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Ізденімпаз ұстаз – жаңашылдықтың бастауы, ал ұстаздың жетістігі – мектеп мерейі!
Шығармашылық ізденісіңіз толастамай, кәсіби жолыңыз жаңа идеялар мен толағай табыстарға толы болсын! Еңбегіңіз жемісті, абыройыңыз асқақ болсын!


