АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

IMG_0080.jpeg

Бүгін аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен қарастырылып, күн тәртібіне сәйкес төрт негізгі мәселе талқыланды.

Бірінші мәселе – жалпы білім сапасы, білім алушылардың оқу жетістіктеріне талдау жасау, білім сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер.

Екінші мәселе – педагогтерді аттестаттау тәртібі, пилоттық жоба, №83 және №159 бұйрықтарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

Үшінші мәселе – «Білім класс» платформасын тиімді пайдалану, жұмыс жүргізу ерекшеліктері мен өзекті мәселелер.

Төртінші мәселе – әртүрлі мәселелер.

Сонымен қатар, алқа мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға, білім сапасын арттыруға, педагог мәртебесін көтеруге және білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырмалары мен бастамаларына кеңінен тоқталып, баяндама жасады.

Мәжіліс барысында білім беру саласындағы басым бағыттар айқындалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жауапты жұмыстар белгіленді.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
  • ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
  • «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІС – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
  • Жаңа Конституцияда әділдікке деген сенім қалыптасқан
  • В Карагандинской области обсудили реализацию Послания Президента