Жаңа Конституцияда әділдікке деген сенім қалыптасқан

55bc2a6f-6cd0-429d-83e4-aae4ad9a2b75.jpeg

     Жаңа Конституцияның басты мәні – адам мүддесін, оның қадір-қасиеті мен құқықтарын басты орынға қойғандығымен құнды.Өйткені мемлекеттің ең үлкен байлығы – табиғи ресурстар немесе материалдық жетістіктер ғана емес, оның азаматтары. Әрбір адамның заң алдында тең болуы, өз ойын еркін білдіруі, білім алуы, еңбек етуі және қауіпсіз өмір сүруі – әділетті қоғамның негізгі көрсеткіштері екені даусыз.

    Конституциялық жаңғыру ел басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталуы тиіс. Заң үстемдік құрған қоғамда ешкім өз міндетінен жалтара алмайды, ал әрбір азаматтың құқығы қорғалып, оның дауысы ескерілуі қажет. Бұл – құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі.

    Сонымен қатар Конституцияның жаңаруы азаматтық жауапкершілікті арттырумен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір адамның белсенділігіне, ел тағдырына деген жанашырлығына да тәуелді. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу және ортақ мүддеге қызмет ету – әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды ұстаным деп білемін.

     Заң талаптары баршаға бірдей қолданылып, азаматтардың құқықтары іс жүзінде қорғалғанда ғана қоғамда әділдікке деген сенім қалыптасады. Сондықтан жаңарған Ата Заңды құрметтеу – оның қағидаларын күнделікті өмірде басшылыққа алу деген сөз.

   Қорыта айтқанда, жаңарған Конституция – елдің ертеңіне бағыт беретін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтатын маңызды құқықтық негіз. Оның басты мақсаты – құқықтары қорғалған, мүмкіндіктері тең, жауапкершілігі жоғары азаматтар қоғамын қалыптастыру. Әділетті мемлекет құру әрбір азаматтың заңға құрметінен, елге деген адалдығынан және ортақ болашақ үшін атқарған игі ісінен басталатыны баршаға аян.

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІС – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
  • Жаңа Конституцияда әділдікке деген сенім қалыптасқан
  • В Карагандинской области обсудили реализацию Послания Президента
  • Қарағанды облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды
  • В Жетісу обсудили задачи Послания Президента и актуальные вопросы развития региона