ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖӨНДЕЛЕТІН КӨШЕЛЕР САНЫ 91-ДЕН 150-ГЕ ДЕЙІН АРТПАҚ

3.png

Алматы облысының Іле ауданында жол жөндеу жұмыстарының ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. 2025 жылы 91 көше жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 107-ге жеткен. Ал 2027 жылы 150 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 

Аудан басшысының айтуынша, халық санының өсуі мен елді мекендердің кеңеюіне байланысты жол инфрақұрылымын жаңарту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан соңғы жылдары жол жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі мен қамтылатын көшелер саны кезең-кезеңімен ұлғайтылған.

 

Мәселен, 2024 жылы ауданда 46 көше жөнделсе, 2025 жылы 91 көшеге асфальт төселген. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 107 көшеге жетті. Аталған жұмыстарға 3,1 млрд теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 77,1 шақырым жол жөнделді.

 

Осылайша, соңғы үш жылда жыл сайын жөнделетін көшелер саны екі еседен астам артқан. Аудан әкімінің мәліметінше, биылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

 

Ал 2027 жылы жол инфрақұрылымын жаңарту қарқынын одан әрі арттыру көзделіп отыр. Келер жылы жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын 150 көшені жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа шамамен 5 млрд теңге қарастыру көзделуде.

 

«Жолдың сапасы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп келеміз. Егер 2024 жылы 46 көшені жөндесек, биыл 107 көшеге жеттік. Келесі жылы 150 көшені қамтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, аудандағы барлық жол мәселесі шешілді деп айта алмаймыз. Әлі де жөндеуді қажет ететін көшелер бар. Сол себепті жұмыстарды тұрғындардың өтініштері мен қажеттіліктерін ескере отырып жалғастырамыз», – деді Қайыржан Жақсымбетов.

 

Іле ауданында жаңа тұрғын үй алаптарының пайда болуы мен елді мекендердің ұлғаюы жол инфрақұрылымына деген сұранысты арттырып отыр. Осыған байланысты алдағы жылдары да жолдарды жаңарту және асфальт төселмеген көшелерді кезең-кезеңімен қамту жұмыстары жалғасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды
  • Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания
  • *В Алматинской области реализуются два агропромышленных проекта на 19,3 млрд тенге*
  • *Алматы облысында жалпы құны 19,3 млрд теңге болатын екі агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда*
  • Жасыл желек: в Конаеве высадили 1 000 деревьев