Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Саясат

МАҚТАНЫШЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР!

balqash 2024-06-03

РӘМ.jpg

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады. Өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр емес пе?

Отанға, елге деген құрмет ең алдымен Мемлекеттік рәміздерге деген әрбір азаматтың жүрек соғысынан танылуы қажет. Елдігіміздің басты құндылықтары ретінде Елтаңба, Гимн және Туымызды құрметтеу, қорғау заңмен белгіленген. Ол әркім ойына келгенді істейтін қолжаулық емес. Ол елдің, ұлттың ұғымында да берік қалыптасқан киелі ұғым. Ол бүгіннің ғана тапсырмасы емес, ата-бабамыздан жалғасқан қастерлі аманат. Отаншылдық, мемлекетшілдік, ең алдымен, тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуден басталады. Ол азаматтың бойында мемлекетіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. 

Мемлекетіміздің өз алдына дербес мемлекет екенін айғақтайтын, қазақ халқының дарқандығы мен кеңдігін бейнелейтін төл нышандарды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, жоғары азамат-тығымыздың көрінісі. Бір шаңырақ астында, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлысты біріктіруде де мемлекеттік рәміздердің үлесі ерекше екені жасырын емес.

Әрбір азамат Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын білуі шарт. Өйткені, Ту, Елтаңба мен Гимн – ұлттық сезімнің, ар-намыстың, асқақ мұраттың киелі белгісі, бойтұмары.

Сондықтанда еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі егемен еліміз үшін ерекше жағдай.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай - ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша деп ойлаймын.

 Гүлназ БҮРКІТБАЕВА, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі.


Жарнама орны (6)
<< МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРСІЗ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ
Уважаемые жители и гости Алматинской области! >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • "Күшіміз бірлікте" атты маңызды акция өтті
  • «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда
  • Тәрбие жұмысы. Қосымша білім
  • Инклюзивті орта
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 22-05-25/13:18 18 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді
    • 21-05-25/20:04 3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
    • 21-05-25/20:01 Более трех тысяч педагогов прошли курсы повышения квалификации
    • 21-05-25/19:44 Ерте кәсіби бағдар беру – жобада басты басымдық
    • 21-05-25/19:35 Приоритетом проекта является ранняя профориентация
    • 21-05-25/19:30 «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады
    • 21-05-25/18:51 «Келешек мектептері»
    • 21-05-25/15:23 ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
    • 21-05-25/15:10 Стратегия развития казахстанской энергетики и привлечение инвестиций – ключевые темы
    • 21-05-25/13:24 Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі:
    • 20-05-25/19:15 Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады
    • 20-05-25/12:43 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
    • 20-05-25/12:35 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
    • 20-05-25/12:31 Первый в Казахстане международный форум корпоративных университетов ГМК прошел в Астане
    • 15-05-25/19:36 Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
    • 15-05-25/19:34 Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
    • 15-05-25/19:26 Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
    • 15-05-25/19:19 В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
    • 15-05-25/19:15 Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли
    • 15-05-25/19:13 Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде

    Көп оқылым

    • Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

      Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

    • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың мәлімдемесі

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

    • Антикоор

      Антикоор

    • Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

      Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

    • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    • «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі

      «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі

    • Определены предстоящие задачи

      Определены предстоящие задачи

    • 1 қазан «Қарттар күні»

      1 қазан «Қарттар күні»

    • 1 қазан «Қарттар күні»

      1 қазан «Қарттар күні»

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс