Биыл Ұзынағашта 180 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

0ала.JPG

Жамбыл ауданына жасаған пресс-тур барысында тілшілер Ұзынағашта салынып жатқан 5 көпқабатты үйдің құрылысымен танысты.

Нысанға тапсырыс беруші жергілікті құрылыс бөлімінің басшысы Марат Әкеғұловтың айтуынша, 5 үйдің 3-еуі биыл қолданысқа беріледі. Аталған жобаның құны 2 млрд 305 млн теңге. Тұрғын үйлер "Отбасы банк" арқылы несиеге беріледі. Әзірше, пәтерлердің шаршы метрі қаншадан саудаланатыны белгісіз. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұл үйлер орталықтандырылған суға, газға қосылады.

"Құрылыс 2021 жылы басталған. Бас мердігер компания - "Талас-Құрылыс" ЖШС. Тұрғын үй эконом санаты бойынша салынған", - деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, бұл ауданда 3 286 адам үйге кезекте тұр. Аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл 345 млн 600 мың теңге бөлініп, 36 үйді сатып алу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттары дайындалып жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ