Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

Елімізде республикалық экологиялық "Таза қазақстан" акциясы басталды. Кең ауқымда әрі жаңа

balqash 2024-04-12

"Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" және  "Мөлдір бұлақ" деген тақырыптармен аталған бес аптада  әрбір елді мекенде аулалар мен көшелерді тазалау, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары, ағаш көшеттерін отырғызу, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілмек.

Қонаев қаласында басталған акцияға мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, этномәдени орталық пен "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты. "Үш аллея" аумағы қоқыс пен қураған бұтақтардан тазартылды.

"Біздің қаламыз – аймақтағы ең басты туристік көрнекілігіміз. Қапшағай көлін көріп, тамашалауға, суға түсуге Алматы қаласынан, Жетісу облысынан, тіпті Ресейден де қонақтар келеді. Біз шалғай әрі басқа өңірлерден қонақтар қабылдайтындықтан олардың жадында біз туралы жағымды көзқарас қалыптасса екен дейміз. Тазалық біздің қаламыздың басты мақтанышына айналса екен", – деп ағылшын тілі мұғалімі Аяжан Рахманова өз ойы мен тілегін білдірді.

"Еңбек адамдарды жақындастырады ғой. Өзім тұратын, еңбек ететін қаламның жақсаруына үлес қосқанымды сезіну мен үшін ерекше әсер етуде", – деп Қоанев қаласындағы ұйғыр этно мәдени орталығының өкілі Радмила Радикова қуанышын білдірді.

Республикалық эстафетаны Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары да жалғап кетті. Мұнда алғашқы "Таза өлке" аптасы барлық медициналық мекемелердің аумағын тазалаудан басталды. Акция аясында 10 сәуір "Тазалық – денсаулық кепілі" деп аталған болатын. Осыған орай аудан әкімі Талғат Байеділов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметов көпсалалы аудандық орталық аурухана аумағына боз арша өтырғызды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акцияға азаматтық жауапкершілігі жоғары барлық қоғам мүшелері атсалысты. Болашақта тәртіп пен тазалықты сақтау қазақстандықтар басты дағдысына айналатынына сенімдімін. Бұл адамның адамгершілік келбетінің басты белгісі болмақ.

Экологиялық акция аурухана қызметкерлері үшін бұған дейін де игі дәстүрге айналған  болатын.

Республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы қарқынмен қолдау табуда. Әрбір елді мекеннің тазалығы тұрғындарға тікелей байланысты. Өйткені әрбір көше, әрбір аула, әрбір үй – сенің ауылыңның, қалаңның, ауданыңның айнасы.


Жарнама орны (6)
<< ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА
"Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясы бастау алды >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 13-06-25/13:41 ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
    • 13-06-25/13:02 ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
    • 13-06-25/12:56 ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
    • 13-06-25/12:44 АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    • 12-06-25/18:07 ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %
    • 12-06-25/18:04 Казахстан сохраняет свой рост ВВП
    • 12-06-25/17:54 Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда
    • 12-06-25/17:51 Один из крупнейших логистических объектов страны строится в Талгарском районе
    • 12-06-25/17:48 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
    • 12-06-25/15:03 ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
    • 12-06-25/15:02 Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті
    • 12-06-25/15:00 Абрикосовый бум: в Алматинской области впервые прошёл Apricot Fest
    • 11-06-25/21:13 "Келешек мектептері" жобасы – Алматы облысында білім сапасын арттырудың жаңа кезеңі
    • 09-06-25/20:27 Балалардың жазғы демалысы
    • 09-06-25/18:02 Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді
    • 09-06-25/18:00 В Уйгурском районе усилен контроль за строительством медобъектов
    • 09-06-25/17:58 Райымбек ауданындағы бөгет құрылыстарындағы заңбұзушылықтарды тексеру тапсырылды
    • 09-06-25/17:55 Поручено разобраться с нарушениями на строительстве плотин в Райымбекском районе
    • 09-06-25/17:53 Облыс әкімі өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды
    • 09-06-25/13:21 Аким Алматинской области поручил наказать недобросовестных подрядчиков

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс