ХDS Astana Team велошабандозы Францияда өткен жарыста жеңіске жетті

2bffe69d-e9e1-408d-b150-91a4f726ec6b.jpg

    Осыдан бір күн бұрын «Вар департаменті классикасы» біркүндік жарысында жеңіске жеткен ХDS Astana Team велошабандозы Кристиан Скарони тағы да жеңіс тойын тойлады.
    22 ақпан күні Скарони Францияда ???????? өткен екі күндік «Примор Альпілері департаментінің туры» жарысының алғашқы кезеңінің жеңімпазы атанды.
    Кристиан Скарони жарыстың соңғы асуында Bahrain-Victorious командасының екі өкілінің шабуылына ілесті. Мәреге жеткенде, өрге қарай спринтте Скарони қарсыластарын басып озып, Сантьяго Буитраго мен Ленни Мартинесті артта қалдырды. Осылайша елордалық команданың велошабандозы жеңіс тұғырына көтерілді.
    XDS Astana Team велошабандозы Лоренцо Фортунато жарысты төртінші болып аяқтады. Ол мәреге командаласынан 47 секунд кеш келді.
    Биылғы маусымды жарқын жеңістермен бастаған ????????елордалық ұжым ұпай саны бойынша әлемдік рейтингте ????????Біріккен Араб Әмірліктерінің UAE Team Emirates командасынан кейін 2-орында келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*