ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

d05199fd-b3ee-4846-96c3-f2a805b91d33.jpg

Адамзат тарихындағы сұрапыл соғыстың жеңіспен  аяқталғанына биыл 80 жыл толды. 1945 жылдың 9 мамыр күні осы қуанышты  шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп, қуаныштан көзге жас алған күн.  Міне, содан бері мерекені атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналғалы қашан?!

ee03e1a2-2241-4a01-a84b-0f59a37db35a.jpg

Биылда 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Жылдағы дәстүрге сай аудан әкімі Азат Құтпанбетов бастаған топ ең алдымен Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткішке, Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей батыры, Б.Бейсекбаевтың және Кеңес Одағының батыры М.Сеңгірбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым жасады. Осыдан кейін көпшілік аудандық Мәдениет үйі алаңындағы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдас-тырылған мерекелік шараға жиналды. 

476d03e4-f677-4d77-bf15-429c19adeb7a.jpg

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бақанас театр» әртістерінің сұрапыл соғыс жылдарындағы оқиғаларды сахналаудан басталды.

  Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге жиналған қауымды құттықтаған аудан әкімі Азат Құтпанбетов: «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - өнеге» - десек, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында біздің жерлестеріміз де басқыншы жаумен жан аямай шайқасып, Отан үшін оққа ұшты. «Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ, әрбір күн тарих болса» демекші сол тарихымызда өткен батыр бабалар ерлігі ұрпаққа өнеге болмақ. 

Майдан даласында Отан үшін отқа түсіп, ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен ауданымыздан шыққан қос батырларымыз, қазақтың батыр перзенттері Мұсабек Сеңгірбаев пен Бақтыораз Бейсекбаевтың есімдері мен ерліктері ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей батыры  Бақтыораз Шәмпекұлының биыл туғанына - 105 жыл толып отыр. Батыр бабалар ерлігін насихаттау, дәріптеу мақсатында ізгі іс-шаралар жалғасын табуда.  Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым  етеміз. 

          Ұлы Жеңіс күні - тарих төрінен орын алатын, ұмытылмас ұлы күн! Біздің ауданнан 3185 адам соғысқа аттанса, оның 1287-сі ғана елге аман оралып, ал 1898-і  майдан даласынан қайтпай қалды. Елде қалған тыл ардагерлері де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен  тылда еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен барынша қамтып, Жеңіс күнін жақындатуға тырысты. Азаматын жоқтатпаған батыр аналар мен ерлермен иық тірестіре орақ орып, жер жыртысқан қайсар рухты қыз-келіншектер де ерен еңбектің үлгісін көрсетті.

         «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр майдангерлеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды» деп өзінің жүрекжарды ақ тілегін білдірді.

            Аудан басшысының құттықтау тілегінен кейін  сахна төріне ауданның Құрметті азаматы Айтжан Есімовты, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаевты және аудандық «Балқаш өңірі» газетінің директор – бас редакторы Күмісбек Ербаевты құрметпен шақырып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы жарық көрген «Отан үшін от кешкен балқаштықтар» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Бұл жайдарман жаңалыққа куә болған аудан жұртшылығы қошеметтерін еселей түсті.

         Мерекелік концерттік бағдарлама аясында Бақанас ауылының тұрғыны Қанарбек Жетпісбаевтың отбасына Республикалық «Харакет» қайырымдылық қорының 1377 - ші тұрғын үйінің кілті табысталды. Баспана кілтін табыстау барысында ауданға танымал шағын кісіпкер иесі Бақытгүл Тұрсынбаеваға аталмыш қайырымдылық қордың Балқаш ауданындағы өкілі Таңшолпан Қасым ризашылығын білдіріп, Республикалық «Харакет» қайырымдылық қоры атынан арнайы Алғыс хатты табыстап, бұл табысталып жатқан баспана кілті аудан көлеміндегі 26- шы пәтер кілті екненін айтып, көпшілікті бір қуантып тастады.

         Әуезді ән шырқалып, күмбірлете күй ойнап, мың бұралған бишілердің қатысуымен өткен мерекелік шара, көптің есінде ұзақ уақыт сақталып, тамашаға бөленген жұрт тамсанып айта жүретінде жоғары денгейде ұйымдастырылды.

         Бұл күн – қан майданда жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және сұрапыл соғыс жылдары тылда тынымсыз еңбек еткен әкелеріміз бен аналарымыздың ерен еңбегінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күн.    

                                                            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі». 

          


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
  • Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
  • Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
  • В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли