
Алматы облысында ТЖД мамандары ерте көктемдегі су тасқыны қауіпінің алдын алу шараларын қолға алды.
Самарқанның көк тасы еріген мезетте, қыз судың астында қалмау үшін 317 гидротехникалық құрылыс нысаны
толықтай тексерістен өтуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бас маманы
Ерназар Қырғыз баспасөз-мәслихатында айтты.
Облыс аумағындағы 72 су қоймасы, 116 тоған мен 10 бөгеттің бүгінгі тұрпатына баға беріліп, 99 магистралдық
канал бақылауға алынған.
Бас маманның айтуынша, су деңгейін бақылу үшін 42 гидропост жұмыс жасайды.
Дегенмен көктем келсе, су арнасынан асуы ықтимал аймақтарда жоқ емес. Жауаптылар су басу қаупі бар
аймақты тәуекел белгілеріне қарап үш топқа бөлген екен. Қызыл су қауіп төндіреді деген елді мекендерге
Жамбыл, Қарасай, Талғар Еңбекшіқазақ пен Іле ауданы жатады. Қарғын су әлекке салатын келесі аймақ
Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандары. Ал, Балқаш ауданы мен Алатау қаласы және облыс орталығы
Қонаев шаһарында тәуекел шегі төмен деп көрсетілген.
«Бүгінде су тасқыны қауіпі бар аймақ саны 60-тан 13-ке дейін қысқарды. Мұнда 11 мыңнан астам тұрғын үй,
34 мыңнан аса халық шоғырланған. Облыстағы әр жер ТЖД бақылауында»,-деді спикер.
Осы уақытқа дейін 57 шақырым арық пен 37 шақырым канал тазаланып, 48 су өткізу құбыры ретке
келтірілген. Айта кетейік су тасқыны қаупі күшейсе 1136 қызметкер мен 347 бірлік техника сақадай сай тұр.


