ХАЛЫҚ ҮНІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

4.png

Мен, зейнеткер ретінде, алдағы референдумды ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам деп санаймын. Өмірдің талай белесін артқа тастап, талай тарихи кезеңдердің куәсі болған аға буын өкілі ретінде айтарым – ел болашағы әр азаматтың белсенділігіне байланысты.

Референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес. Бұл – халықтың өз таңдауын жасап, мемлекет дамуының бағытын айқындайтын мүмкіндігі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап түрлі реформаларды бастан өткердік. Әр кезеңде халықтың бірлігі мен ауызбіршілігі шешуші рөл атқарды.

Бүгінде де сол жауапкершілік әрқайсымыздың мойнымызда. Зейнеткер болсақ та, қоғам өмірінен шет қалмаймыз. Себебі ертеңгі күн – біздің ұрпағымыздың болашағы. Балаларымыз бен немерелеріміз бейбіт, тұрақты әрі дамыған елде өмір сүруі үшін бүгін саналы таңдау жасауымыз керек.

Референдум – демократиялық қоғамның айқын көрінісі. Әр дауыс маңызды. Сондықтан барша азаматтарды белсенділік танытып, елдік мәселеге бейжай қарамауға шақырамын. Бірлігіміз бекем, мемлекетіміз мықты болсын!

                  Гүлнар ЗІКІРОВА, зейнеткер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева
  • Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде
  • «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды
  • Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі
  • Кітаппен өткен тағылымды кездесу