Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл


Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумда «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты хабарлауды сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ақпарат түсуде.

Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралуда.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS-кодтарды сұратуды көздемейді. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

‼️ Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырады.

https://t.me/AntiFakeCenter/154


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ