«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді

image.png

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді


«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров республикалық

 референдумда өз таңдауын жасап, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Ол белгіленген сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси 

науқанға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.


«Референдум – бұл әр азаматқа ел тағдырына тікелей қатысуға берілген маңызды мүмкіндік. Мұндай сәттерде

 қоғамның белсенділігі мен азаматтардың жауапкершілігі ерекше мәнге ие. Біз бүгін өз таңдауымыз арқылы еліміздің

 болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға үлес қосып отырмыз. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі – 

мемлекеттің даму бағытын айқындауға қосқан нақты үлесі деп есептеймін», – деді Серік Нұрқадыров.


Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы 

сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ