Алматы облысында 361-референдум учаскесінде этно-брейк форматында референдумға дауыс беру өтуде

лв.png

361-референдум учаскесінде этно-брейк форматында референдумға дауыс беру өтуде

Бүгін Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар ұйымдастырылды. Бұл бастама тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған.

Іс-шара барысында тұрғындар референдумға өз дауыстарын беріп қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық дәстүр элементтерімен танысуға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат халықтың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен белсенділікті күшейтеді. Учаскеге келген тұрғындар да бұл бастаманы қолдап, өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындауда.

№361 референдум учаскесінде дауыс беру белгіленген уақытқа дейін жалғасады. Тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 9 бағыт бойынша
  • 9 бағыт бойынша
  • 9 бағыт бойынша
  • Құрылтай сайлауының - маңызы зор
  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?